Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мыс кабель ұрлаған 4 жігіт ұсталды

2021 жылдың 4 желтоқсан 2021 11:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өңірлік электр желілері компаниясының мыс кабель ұрлаған 4 жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 25 пен 32 жас аралығында елорданың 4 тұрғыны таңғы сағат 04:00 шамасында өңірлік электр желілері компаниясының мыс кабелін ұрлаған. Олар Керей Жәнібек хандар мен Әлихан Бөкейхан көшелері қиылысындағы люк қақпағын шеге суырғышпен ашып, кабель шахтасына түскен. Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Ұрылар 115 метр мыс кабелін алып кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар бұған дейін бірнеше рет сотталған қала тұрғындары болып шықты. Ұрланған кабель көлік жүксалғышынан табылды. Қазіргі уақытта күдіктілер полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Олардың қала аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр», - деп атап өтеді ведомстводан.


Жоғары қарай