Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Елордада мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған автошеру басталды

2020 жылдың 4 маусым 2020 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мемлекеттік рәміздер мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты автошеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін мемлекеттік рәміздерімізге 28 жыл толып отыр. Осынау мерекеге орай салтанатты автошеру өткізуді жөн көрдік. Бұл шараның басты мақсаты - ұлттық құндылықтарымызға балайтын рәміздерімізге деген сүйіспеншілік сезімді ояту. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашы кезеңде 28 автомобиль мен 28 мотоциклдің қатысуымен 28 шақырымдық шеру болады», - деді шеру басталар алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Нұр-Сұлтан қалалық жастар мәселелері басқармасының «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.




Оның атап өтуінше, екінші кезеңде шеруге қатысушылар Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай «Отан қорғаушылар» алаңына барады. Онда волонтерлер майдангерлеріміздің ерлігіне тағзым ретінде 75 гүл шоғын қояды.

«Үшінші кезеңде суда жүзетін көлік құралдарымен 28 шақырымдық шеру өткіземіз. Жалпы, бұл шарамызға 100-ге жуық қала тұрғыны мен еріктілер қатысып отыр. Бұл шаралар легі кешке дейін жалғасады. Мұнан бөлек, қаланың барлық саябақтарында ниет танытқан адамдардың беттеріне еліміздің көк туын салып беру шарасы өткізіледі», - деді Аян Ерментаев.




Айта кетейік, шеруге қатысушылардың барлығы қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген және оларға карантин режимі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық берілген.











Жоғары қарай