Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

2021 жылдың 18 ақпан 2021 12:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Ресей Федерациясы аумағында адам өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолға түскен азамат Мәскеуде болған кезінде ішімдік ішіп отырып, РФ азаматын өлтірген, кейін қашып кетеді. 2020 жылы күдікті анықталып, мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта қылмыскер Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр.



15-19 ақпан аралығында елорда аумағында қылмыстық жағдайдағы көші-қонды төмендету мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр.

Қала аумағында заңсыз мигранттар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмей көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау мақсатында жүйелі түрде тексеру жүріп тұрады.

Үш күн ішінде полиция қызметкерлері шетел азаматтарының елде болу ережесін бұзған 174 фактіні анықтаған, сондай-ақ іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының 8 азаматы ұсталды.




Жоғары қарай