Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада медициналық масканы қайдан сатып алуға болады

2020 жылдың 16 наурыз 2020 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі қалаға 350 мың медициналық маска жеткізілгенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйтсе де дәріханалар әр адамға бес маскадан сатып жатыр. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес медициналық маскаларды Саламат Z, Иммуно плюс, Старый лекарь, UDM - КЗ, Феникс, Базикова, Частная Аптека 99, Фармаком, Гиппократ МФК Астана, Жәрдем компания, Астана Оник, Алсун Астана, Aidamed, Максима фарм, Исакова А.А, Оркен фарм, Стофарм, Еврофарма дәріханалар желісінен табуға болады.

«Ең басты міндет – ірі желілерді маскалармен және антисептиктермен қамтамасыз ету. 16 наурыз күні маскалардың кезекті партиясы – 350 мың даансы жеткізілді. Сонымен қатар антисептиктер де әкелінді. Бұл жұмысты «Фармация» ӘК-мен бірге жүргіземіз. Өкінішке қарай нарықтағы сұранысты пайдаланып, кейбіреулер бағаны көтере бастады. Қазір бірлікте жұмылған жұмысты көрсете білуіміз керек. Тек ынтымақта ғана осы кеселді жеңе аламыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріханалар желісінің өкілдері мен дистрибьютермен кездескен кезде.

Айта кетсек осыдан екі күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков елордадағы маска тапшылығы туралы айтып берген болатын.



Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Коронавирус,
Жоғары қарай