Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада қызметкерлері вакцина алмаған кейбір кәсіпорындардың жұмысы шектеледі

2021 жылдың 27 тамыз 2021 23:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында вакцина алмаған жұмыскерлері штаттық режимде жұмысқа жіберілмейтін кәсіпорындардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері қоса кәсіпорындар COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған қызметкерлердің күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектесін», - делінген қаулы мәтінінде.

Аталмыш шектеу мына кәсіпорындарға қатысты:

- халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательелері, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім, оргтехникасын жөндеу сервисі, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызмет нысандары;

- мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

- өндірістік объектілер;

- құрылыс объектілері;

халық тұтынатын тауарлар мен өнімдердің көтерме және бөлшек сауда объектілері, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

- мәдениет және демалыс объектілері (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

- қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер;

- әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтары, оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

- санаторийлер, демалыс аймақтары үйлер/базалар/, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері, туристік базалар және басқалар;

- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын стрит-фудтар;

- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар);

- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

- дәріхана ұйымдары;

- сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезөңдеу бойынша, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері коперативтері мен мүлік иелерінің бірлестіктері;

- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

- демалыс объектілері, компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары, саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер;

- байланыс және телекоммуникация объектілері.


Жоғары қарай