Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада күн сайын коронавирустың 200-ден астам жағдайы тіркеледі

2021 жылдың 10 маусым 2021 12:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада күніне коронавирус инфекциясының 220-дан астам жағдайы тіркеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада жүргізіліп жатқан іс-шаралардың арқасында сырқаттанудың төмендеу қарқыны артып, күн сайын коронавирус жұқтырғандар саны біртіндеп азайып келеді. Орташа есеппен аптасына 10-нан 19 пайызға дейін төмендеу байқалады.

Бірақ бұл ретте, жағдайларды тіркеу жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл CОVІD-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық ахуалды көрсетіп, қала «қызыл» аймақта қалуын жалғастырады. Күніне коронавирус инфекциясының 70-тен 222-ге дейін жағдайы тіркеледі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, осы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандардың саны 38 мыңнан асты. Пандемия басталғаннан барлығы 57 390 жағдай тіркелді.

«Бір аптада COVID-19-дың 1263 дерегі тіркелді. Сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптадан 18 пайызға төмен. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 106,3-ты құрады. Репродуктивті саны - 0,87. Қазіргі уақытта қалада инфекцияның белсенді ошақтары – 1573. Оның ішінде: үй – 1212, ұйымдастырылғандар арасында – 361. Медициналық бақылауда 3 233 байланыста болған адам бар», деді Сархат Бейсенова.


Жоғары қарай