Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңдай шетелдік жауапқа тартылды

2021 жылдың 19 қазан 2021 17:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында 11-18 қазан аралығында заңсыз миграцияны анықтау үшін жедел-профилактикалық шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар заңсыз жүретін орындарды қонақүй, жатақхана, құрылыс нысандары, базар, вокзал, өнеркәсіп аймақтарын тексеріп шықты. Жедел-профилактикалық шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 2,5 мың факті анықталды. Соның ішінде 1 788 шетелдік, 750 ҚР азаматы және 70 жұмыс беруші жауапқа артылды. Мамандандырылған соттың шешімімен 70 шетел азаматы елден шығарылған», - делінген хабарламада.

Аталмыш кезең аралығында іздеу жарияланған 9 қылмыскер ұсталды. Шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі анықталып, заңсыз көші-қон ұйымдастырған 1 адам ұсталды.


Басты сөздер: ҚР ІІМ, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай