Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада коронавирустың балалар арасында тарауы 5,5 есеге өскен

2021 жылдың 11 тамыз 2021 18:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында балалар арасында коронавирус індетінің тарауы наурыз айынан бері 5 есеге артқан.

Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шілде де коронавирус дертіне шалдығудың 38 046 жағдайы тіркелді. Соңғы апта ішінде 9803 және соңғы тәулік ішінде 1153 жағдай тіркеліп отыр. Соңғы уақытта клиникалық белгілері бар сырқаттанушылар санының өскені байқалады, бүгінде олар 83 пайызды құрап отыр», - деді Сарқыт Бейсенова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, маман елорда бойынша ауруға шалдыққандардың жас ерекшелігін пайызбен көрсетті.

«18-29 жас - 16,4 %, 30-39 жас- 22,2 %, 40-59 жас – 28,4 %, 60 және одан жоғары жастағылар 13%-ды құрайды. Сонымен қатар балалардың үлесі 16,7 % және 3,3 % жасөспірім. 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыруға қатысты талдау нәтижесі наурыз айынан бері елордада балалар арасында коронавирус жұқтырудың 5,5 есеге өскенін көрсетіп отыр. Яғни наурыз айында балалар арасында 1106 жағдай тіркелсе, шілде де 6058 жағдай тіркеліп отыр және вирус жұқтыру барлық жастағы балалар арасында бар. Ауруханада ем алып жатқан балалар 1,9 %-ды құрап отыр», - дейді ол.

Бұған дейін елордада коронавируспен күресіп жатқан 7 баланың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай