Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

2020 жылдың 31 мамыр 2020 18:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 17-08-де өрт сөндіру бөлімшесі Майлин көшесі 9 мекенжайы бойынша оқиға орнына аттанды. Оқиға орнына жеткен кезде пәтерде үй мүлкі, балкон және бөлме өртеніп жатқаны анықталды. Сәл уақыттан кейін өрт көрші пәтерге таралып, оны да балконы өртенді», - деді департамент.


Ведомство мәліметінше, қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 17-30-жа өрттің алды алынып, сағат 17-44-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде көлік ішінен түсірілген видео тараған болатын, Онда көп қабатты тұрғын үйлердің жоғары қабаттарының біріндегі пәтер өртеніп жатқаны байқалады.


Жоғары қарай