Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада көлік картасын үйге жеткізіп беру қызметі іске қосылды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 20:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көлік карталарын үйге дейін жеткізіп беру қызметі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанда оқушылар мен жеңілдігі бар санаттағы жолаушылар үшін көлік карталарын үйге дейін немесе Tastamat терминалына дейін жеткізу қызметі іске қосылды. Ол үшін өтінімді электронды түрде беру қажет.

Картаны жеткізу ақысы: үйге дейін – 500 теңге, Tastamat терминалына дейін 300 теңге.

Өтінімді беру үлгісі:

1. transcard.kz сайтында электронды өтінім қалдыру қажет. Ол үшін талап етілген барлық пунктті толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз.

2. Мектеп немесе жеңілдігі бар картаны шығару үшін ақысын төлеңіз. «Жіберу» батырмасын басқаннан кейін, төлем жасау парақшасына өтесіз.

3. Жеткізуге өтінім қалдырыңыз. Төлем жасағаннан кейін, «Сайтқа оралу» батырмасын басыңыз. Сіз картаны жеткізуге өтінім қалдыруға арналған парақшаға өтесіз. Тапсырыс нөмірін және SMS-пен келетін кодты енгізу керек. «Жіберу» батырмасын басқаннан кейін, жеткізу сайтына ауыстырыласыз.

4. Жеткізуді рәсімдеңіз. Жеткізу тәсілін таңдап, осыдан кейін мекенжайыңызды толтырып, қызмет үшін ақыны төлеу керек.

«Жеткізу қызметі тек мектеп және жеңілдігі бар көлік карталары бойынша іске асырылады. Басқа санаттар бойынша жоғары сұраныс туындаған жағдайда оларды да жеткізуді қарастырамыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, картаны жеткізу қызметі елорда мен оның маңындағы елді мекендердің (Лесная поляна, Қосшы, Қоянды, Жібек Жолы) тұрғындары үшін қолжетімді.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай