Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың IV форумы өтеді

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 ақпанда елордада қазақ тілді онлайн медиаға арналған ең ірі кәсіби алаң - QazForum іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл сайын форумда қазақ тілді медиа саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары кәсіби тәжірибесімен бөлісу, шетелдік және жергілікті спикерлерден білім алу, бейресми ортада қарым-қатынас құру мақсатында бас қосады.

«Биыл форум аясында қазақ тілді онлайн контенттен ақша табу, Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелерін талқылау, сондай-ақ, жетекші медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтерді өткізу жоспарланған», дейді ұйымдастырушылар.

Форумға бастама беруші және идея жағынан шабыт беруші - Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушы - Қазақстан баспасөз клубы.

Тіркелу үшін және форум жайлы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден білуге болады.


Жоғары қарай