Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада қатты боран соғып, ескерту жарияланды

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 22:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ақтүтек боранға байланысты ТЖД ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

«Ауа райының бұзылуы салдарынан көліктің барлық түрі бойынша барлық бағытта жол жабылды», - деп хабарлайды департаменттен.

Қалалық төтенше жағдайлар бойынша департамент қала тұрғындары мен меймандарына біршама кеңес береді.

«Әрдайым қырағы болып, ауа райының өзгеруіне байланысты мәліметтерді бағып, қала сыртындағы жолдарда қозғалыстың шектелгені туралы ақпаратты біліп отырған абзал. Сонымен бірге, құрылыс нысанары халыққа қауіп төндірмау жағын ойластырып, мүмкіндігінше құрылыс нысандарында жұмысты тоқтата тұрған дұрыс», - деп ескертеді ТЖД-да.

Төтенше жағдайлар туындай қалған жағдайда «112» нөміріне хабарласуға болады.

Еске сала кетсек, бірнеше облыста, сонымен бірге елордадағы ақтүтек боран 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні басталған еді. Арқаның ақ бораны қарды бұрқыратып, ұйытқи соғып, халықты әбігерге салып-ақ тұр. Осыдан үш күн бұрын әлеуметтік желілерде ауа райының бұзылуына байланысты түрлі видео мен фото, тіпті жалған ақпарат тараған болатын.

Сондай-ақ, ертең елордада оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды.



Жоғары қарай