Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада карантин тәртібін үнемі бұзатын лаундж-бар анықталды

2020 жылдың 20 қараша 2020 10:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі тәртіпке қарамастан кейбір кәсіпкерлер карантин ережесін бірнеше рет бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрамында әкімдік, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, жергілікті полиция қызметі өкілдері бар мобильдік топ кәсіпкерлік мекемелеріне тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру барысында бүгін түнгі 01.45-те «Шишка» лаундж-бары карантин тәртібін бұзғаны анықталды. Түнгі уақытта, жұмыс кестесін бұзып әрі бас санитария дәрігерінің талабын елемеген мекемеде 60 келуші демалып отырған.

Бұған дейін бар бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған, бірақ қорытынды шығармай, норманы қайта бұзып тұр.

Полиция қызметкерлері карантин тәртібін түсіндіріп, ақпарат берді.

Каратинді қайта бұзғаны туралы жиналған материал әкімшілік жауапқа тарту үшін Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті карантин ережесін бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік жүктелетінін ескертіп, полицейлердің заңды талаптарына қарсы шықпауды сұрайды.


Жоғары қарай