Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада карантин талабын бұзғандарға 240 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 02:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада карантин талаптарын бұзғандарға 240 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпаратт әкімдіктің сайтыне сілтеме жасап.

Елордада өткен жылдың екінші жартыжылдығында мониторинг топтары карантинге қатысты 5 мыңнан астам рейд жүргізді. Мысалы, 2020 жылдың 9 қазанынан бастап осы жылдың 17 қаңтарына дейін аралау барысында 1 309 заң бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде: Алматы ауданында – 347, Байқоңыр ауданында — 273, Есіл ауданында — 398, Сарыарқа ауданында 291 факті тіркелді.

Айта кету керек, карантин режимін қасақана бұзушыларға қатысты материалдар сотқа жіберіледі.

Осылайша, елордалық әкімшілік соттың шешімімен бірқатар мекеменің қызметі тоқтатылды.

Бұған дейін аталған ШОБ субъектілеріне карантин талаптарды сақтау жөнінде ескерту жасалған болатын. Егер жұмысын тоқтату туралы сот шешімі орындалмаған жағдайда мекеме басшылары әкімшілік қамауға алынады. Қазіргі уақытта карантин шараларын сақтамағаны үшін қоғамдық мекемелерге қатысты тағы 12 материал сот қарауында жатыр.

Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне карантинді бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты 2 484 материал келіп түсті, олар бойынша 1 224 жеке, лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 239 633 450 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі күні 190 988 725 теңгеге 1016 әкімшілік айыппұл өтелді.


Жоғары қарай