Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Елордада қанша маска бар және оны қайдан сатып алуға болады

2020 жылдың 14 наурыз 2020 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков елордада медициналық маскаларды қайдан алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта қала бойынша қалған маскалар саны – 13 626. Бұл маскалар «Биосфера» дәріханалар желісінде сатылып жатыр. Кеше ғана «Фармация» ӘК желісі бойынша 88 мың маска келіп түскенін айтқанмын. Маска мәселесі бар. Бұл түйткіл шешіліп жатыр», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар департамент басшысы сауда орындары мен адамдар көп шоғырланған жерлерді тазалауға қатысты пікірін білдірді.

«Бұл сол орындардың иелері атқаруға тиісті шаралар. Ережесі нақты жазылған. Ол – бірнеше мәрте дымқыл тазалық және басқа да шаралардан тұрады. Департамент осы шаралар бойынша мониторинг жүргізіп отыр. Бұл жұмыстар біздің тарапымыздан күшейтіледі», - деді Зекен Исаков.


Жоғары қарай