Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада қандай дәрігерлер жетіспейді

2019 жылдың 31 қазан 2019 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада жыл санап денсаулық сақтау саласы мамандарының саны артып келеді, дегенмен кейбір салалар бойынша дәрігер жетіспеушілігі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Бүгінде қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты 34 мекеме бар. Оның 15 емхана, 13 стационар, 1 жедел жәрдем стансасы және 5 басқа да мекеме.

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елордада 13 613 медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың 35.7 пайызы (4860) дәрігер және 64,3 пайызы (8 753) орташа медицина қызметкері.

1 қазандағы жағдай бойынша медициналық мекемелерге 494 маман жетіспейді.

Атап айтқанда, жалпы тәжірибедегі дәрігер -107, педиатр-36, терапевт-52, акушер-гинеколог-42, анестезиолог-реаниматолог-41, кардиолог- 16, психиатр-3, онколог-16, неонатолог -28 және тағы басқа мамандар сұранысқа ие.

Бұған қоса биыл қала бойынша 348 маман жұмысқа тартылды.

«2019 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша қалада 217 жас медицина саласы маманы еңбекпен қамтылды. Бұл жас маман жетіспеушілігінің 44 пайызына тең», деп көрсетті денсаулық сақтау басқармасы.

Жоғары қарай