Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада кәмелеттік жасқа толмаған 22 бала түнгі клубта жүрген

2021 жылдың 19 тамыз 2021 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балалардың бақылаусыз қалуының алдын алу үшін елордалық полицейлер түнде рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ювеналдық полиция учаскелік инспекторлары сағат 22.40-та «Текила» клубында жүрген 22 кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді анықтап, полицияға жеткізді. Олар салынған тыйымға қарамастан клубта досының туған күнін атап өтпек болған», - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында жүргені үшін олардың ата-анасымен бірге көңіл-көтеру орындарының иесі де жауапқа тартылады. Ғимарат иесіне қатысты материал жинақталып, әкімішілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ата-аналарға сағат 22:00-ден кейін балалардың бақылаусыз сыртта жүргені үшін жауапқа тартылатынын ескертеді.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ, Карантин,
Жоғары қарай