Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада із-түзсіз жоғалған тоғыз азамат табылып, туыстарымен қауышты

2020 жылдың 15 тамыз 2020 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері «Қаңғыбас» алдын алу шарасының қорытындысын шығарды. Бұл шара тұрғылықты мекенжайы жоқ, қайыр сұрап, қаңғырып жүрген, сондай-ақ із-түссіз жоғалған азаматтарды анықтау мақсатымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-алдын алу шарасын өткізудің екі күнінде із-түзсіз жоғалған 9 адам туыстарымен қайта қауышты. Мысалы, іздеу барысында полицейлер зейнет жасындағы екі әйелдің жүрген жерін анықтаған. Есте сақтау қабілетінен айырылған әйелдер үйінен шығып, адасып кеткен.

«Қаңғыбас» операциясының барысында тәртіп сақшылары тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар көп жиналатын жерлерде рейд өткізді. 229 жертөле, 341 кәріз құдығы, қараусыз қалған 74 ғимарат, 230 шатыр, 58 қыстақ, 209 қоқыс полигоны және 17 орман тексерілді.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай