Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Елордада «Инватакси» қызметі жаңа 10 жаңа автокөлікпен толығады

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 00:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 10 инватакси көлігін алу бойынша арнайы сертификат пен мүгедектерге арналған арбалар табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әрдайым көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы ел әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән береді. Оның ішінде қажеттілігі бар, мүмкіндігі шектеулі жандар назардан тыс қалған емес. Қыркүйек айының басында «Нұр-Сұлтан - қайырымды қала» атты акция басталды. Бүгінгі шара соның аясында өтіп жатыр. Бұл істің басы-қасында Қайрат Боранбаев ағамыз жүр. Ол кісінің ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 10 инватакси сыйға тартуы жоспарланып отыр. Таксидің өзі қаңтар айында келеді. Бұл дегеніміз елордалық мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген көмек, жәрдем деп білуге болады. Жалпы, инватаксиге деген сұраныс жоғары. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табады», – деді Б. Мәкен.

Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 11 арба табысталды.

Әкімнің орынбасарының айтуынша, бүгінде елордада 26 714 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады, олардың 5570-і – мүгедек-балалар.

Айта кетсек, қазіргі таңда елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға 36 инватакси қызмет көрсетеді.

Жоғары қарай