Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада интернет арқылы жеңіл ақша табуды уәде еткен алаяқ ұсталды

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 22:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаланың 26 жастағы тұрғыны ақшаны жеңіл айналдыру ұсынысымен 30 азаматты алдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті 2021 жылдың тамыз айынан қарашаға дейін WhatsApp әлеуметтік желісінде таныстары мен достарының ортақ тобын құрып, онда ақшалай қаражатты 100 пайыз өсіммен инвестициялауды ұсынған.

Жаңа клиенттерді «ұзынқұлақ» көмегімен тауып отырған, жазылушылар таныстарын чатқа қосып отырды.

Алданған азаматтар 20 мың теңгеден басталатын сомадағы ақшаны «инвестициялаған», жалпы сома шамамен 8 млн теңгені құрады. Күдікті қолға түсірген ақшаны жұмсап тастаған.

Алаяқ ер адам жедел алдын алу шарасы барысында ұсталды.

Қазіргі кезде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлімімен (алаяқтық) сот алдындағы тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұсталған ер адамның 2015 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, желідегі алаяқтарға сенім білдірмеуге кеңес береді.

«Интернет арқылы ақшаны көбейту акциясына қатыспаңыздар. Алаяқтар пайдаланушыларға тиімді әрі ұтылусыз ұсыныстар жасайды. Ақшаны оңай айналдыру бойынша күдікті жобаларға инвестицияламаған жөн» деп ескертеді полиция.


Жоғары қарай