Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті

2020 жылдың 3 тамыз 2020 14:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« Азаматтарға арналған үкімет» кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, б үгіннен бастап елордадағы ХҚО-лар қызмет алушыларды жұмыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚО сенбі күні қосымша 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Жаңа жұмыс уақытына байланысты ХҚО-ға кезекті 16.30-ға дейін (авто ХҚО-ға сенбі күні 15.30-ға дейін) брондау қажет.

Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде тәртібі қатаң сақталған. Алайда қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса, ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.

Қызмет алушы азаматтар арнайы медициналық бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.


Жоғары қарай