Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада гүл сатушы болу үшін уақытша сынақ мерзімінде жүрген бойжеткен кассадан ақша ұрлады

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада криминалдық полиция қызметкерлері кассадан ақша ұрлады деген күдікке ілінген 19 жастағы бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гүлдер павильонында сатушы болу үшін уақытша сынақ мерзімінде жүрген қыз жұмыстың екінші күнінде дүкен иесінің сеніміне кіріп, бейнебақылау камерасының жоқтығын пайдаланып, кассадан ақша ұрлаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған бойжеткен кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрынғы қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай