Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

Елордада гид мамандары тапшы

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 03:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас қалада гид мамандары мен экскурсия жетекшілері жетіспейді, әсіресе шет тілді мамандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында туризмнің дамуына қатысты шешілуі тиіс мәселенің бірі – гид мамандарының тапшылығы. Бізде қазақ, орыс тілді гид мамандары бар, ағылшын тілді де жеткілікті. Ал француз, италия, неміс және испан тілді мамандар жетіспейді. Осыған орай қалалық кәсіпкерлер палатасы өткен жылы гид, экскурсия жетекшісі және аудармашы мамандарын даярлайтын 2 бірдей оқу орталығын ашты. Онда өткен жылы 77 адам білім алып шықты. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Осы орайда айтарым, егер қаладағы қонақ үйлер мен туристік ұйымдар жоғарыда аталған мамандардың білімін жетілдіргіміз келеді деп қызығушылық танытса, біз мемлекеттік қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға дайынбыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының коммерциялық сұрақтар жөніндегі орынбасары Бейсен Жолболдиев.

Оның айтуынша, оқу мерзімі маманның біліктілігіне қарай 1 айдан 3 айға дейін жалғасады.

«Егер оқуды сәтті аяқтаған жағдайда жұмысқа орналасу мүмкіндігі де қарастырылады. Жалпы туризм дамыған елдерде аталған мамандық иелері жоғары сұранысқа ие. Ал бізде әлі де біраз тер төгуді қажет етеді», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін қалалық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қабырғасында елордада туризм саласын дамытуды ілгерілетуге арналған дөңгелек үстел өтті.


Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Туризм,
Жоғары қарай