Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада ғалымдар Алаш арыстарына қатысты тың деректер ұсынды

2019 жылдың 25 қараша 2019 02:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» аясында «Ғасырлар тоғысындағы руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференцияның беташар сөзінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы алаштанудың қазіргі мақсат, міндеттеріне тоқталып, алдағы даму бағыттары қандай болмақ деген мәселенің төңірегінде ой өрбіті.

«Білім беру жүйесіне, мектеп оқушылары мен студенттерге қойылатын талаптар, сонымен қатар қазіргі жаһандану жағдайында Қазақстан халқы байырғы құндылықтарын сақтай отырып, жаңа сапаға көтерілуі тиіс. «Рухани жаңғырудың» дүниеге келу себептері де осы талаптардан туындап отыр. Алаш рухына арналған осы конференцияда кешегіні бүгінге үлгі ететін ел болашағы үшін маңызды идеялар ұсынылады деп ойлаймын», - деді Д. Қамзабекұлы.

Алаш рухын ардақтауға арналған конференция аясында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар негізінен кешегі мен бүгінгіні жалғастыруға және рухани жаңғырудың жолдарын айқындауға арналды.

Конференцияға еліміздің түпкір-түпкірінен келген алаштанушы ғалымдар қатысты. Олар Алаш арыстарының өмірі мен оларға қатысты тың деректер және архив материалдарын ұсынды.

Айта кетсек, жиынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология факультеті мен №48 мектеп-лицейі бірлесіп ұйымдастырды.

Жоғары қарай