Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада фитнес клубтар мен СПА салондардың жұмысына тыйым салынады

2020 жылдың 24 мамыр 2020 13:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада карантин аяқталғанға дейін фитнес клуб, СПА салон, косметика кабинеттерінің жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда айтылғандай, ұлттық құрама командаларын Олимпиадалық және паралимпиадалық ойындарға даярлау үшін пайдалану кезеңінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Түнгі клубтардың, фитнес-клубтар мен залдардың, жаттығу залдарының, СПА-салондардың, массаж кабинеттерінің, косметологи кабинеттерінің, клиникалар мен орталықтардың, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің қызметіне тыйым салынады», - делінген құжатта.


Жоғары қарай