Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуациялануда

2021 жылдың 19 қараша 2021 16:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуациялануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қараша күні сағат 15.29-да Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің өрт сөндіру бөлімшесі Боталы көшесі, 26 мекенжайдағы өрт туралы хабарлама алып, оқиға орнына аттанды. Өтр сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттың ішінде жетіп, 18 қабатты «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісіндегі 10 мен 14 қабат аралығында электр кабельдері тартылған шахтаның жанып жатқанын анықтады», - деді елорданың Төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта аталған тұрғын үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығару іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өрттің алдын алуға Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылған.


Жоғары қарай