Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада ескерткіштер жуылып, тазартылды

2021 жылдың 30 қазан 2021 20:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Жер ана» мен Ататүріктің секерткіштері жуылып, тазартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Байқоңыр» ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

«Байқоңыр» ауданында орнатылған ескерткіштер мен сәулет мүсіндерін жуып, тазарту жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, «Жер ана» ескерткіші тұғырының гранит плиталары мен Үш арыс ескерткіші тұсындағы жабын плиталар ауыстырылған.

Еске сала кетсек, Жұмабек Тәшенев пен Алаш Орда қозғалысының көшбасшыларына арналған ескерткіш биыл ғана аудан аумағына орнатылған еді.
«Жалпы, «Байқоңыр» ауданында 5 ескерткіш пен 17 сәулет мүсіні бой көтерген. Мәселен, мәдени ескерткіштердің қатарында А.Бараев пен Ж.Тәшенов көшелері қиылысында орналасқан «Жер ана» ескерткіші, Ататүрік саябағындағы Кемаль Ататүрікке арналған ескерткіш, Жамбыл Жабаев саябағындағы абыз ақын Жамбылға арналған ескерткіш, Жазушылар аллеясындағы Үш арысқа арналған монумент және ҰОС майданына аттанған жауынгерлердің ескерткіші бар», делінген хабарламада.





Амангелді Иманов, Шоқан Уәлиханов пен Жұмабек Тәшеневке арналған сәулет мүсіндері қайраткерлер атындағы көшелерге көрік беріп тұр. Сондай-ақ, Ж.Тәшенов көшесіндегі «Астана» және Жазушылар аллеясындағы «Абайдың қара сөздері» инсталляциясы да ауданның ажарын аша түскен.



Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай