Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада есірткі арнасы жойылды

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 22:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 23 жастағы жігіт интернет-дүкен құрып, синтетикалық есірткі сатып келді деген күдікпен ұсталды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство ақпаратына сәйкес, полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимі кезінде қалада құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында рейдтік тексерулер жүргізді. Осындай тексерулер барысында Петров көшесінің бойында 23 жастағы күдікті ұсталып, жеке заттарын тінту барысында ішінде есірткі заты бар 29 дана түйіншек табылып, тәркіленді.

«Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдікті полиция қызметкерлеріне есірткі заттарын жасыратын құпия орындарын көрсетіп, ол жерлерден заттай айғақтар табылды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 97-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша айып тағылды. Аталған бапта мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді», - деп атап өтеді департаменттен.


Жоғары қарай