Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада Есіл жағасында балаларға арналған ерекше алаң ашылады

2021 жылдың 10 маусым 2021 00:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Есіл өзенінің бойындағы саябақта балаларға арналған ерекше алаң ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ойын алаңы «Қалалық романс» тұрғын үй кешені жанында орналасады. Оның бірегейлігі – ойындарға арналған түрлі сценарий болады.

Сондай-ақ, алаңда құмсалғыш, сырғанақ, бақылау орны және өзге де түрлі ойын элементтері орнатылады. Балалар алаңының жалпы ауданы – екі мың шаршы метрден астам. Қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша балалар ойын аймағы биыл жазда ашылады. Ол түрлі жастағы балалардың бәріне арналған.

Ал бос уақытын таза ауада өткізгісі келетіндер үшін алаңның айналасында әткеншек мен орындық қою жоспарланып отыр.

Басты сөздер: Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай