Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада ең үздік жас отбасы анықталады

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 00:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында ең үздік жас отбасын анықтайтын байқау бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы елорда тұрғындары арасында «Ең үздік жас отбасы» байқауының мәлім етті. Оған астанада тұратын және конкурс басталғанға дейін ресми түрде тіркелген отбасылар қатыса алады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бірінің жасы 29-дан аспауы керек.

Байқау 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жас отбасы қатысуға өтініш жіберіп, бейневизиткасын жариялайды.

«Бейне визитканың тақырыбы – «Бұл жарыста неге біз жеңіске жетуіміз керек?». Ол Instagram-да #NSjastary, #Меніңотбасым, #Моясемья, #OtbasyBakytMekeny, #NSotbasy2020, #Отбасыкүні2020 хэштегтерімен жариялануы керек.

Байқауға қатысушылардың бейнематериалдары «қолданыстағы» парақшада жариялануы және Instagram-парақша ашық болуы керек. Ұзақтығы кем дегенде 1 минут және көп дегенде 3 минуттан аспауы қажет.

Барлық сайыскерлер @ns_jastary, @elorda.otbasy Instagram-парақшаларына жазылуы тиіс», - делінген таратылған ақпаратта.

Өтінімде келесі құжаттар болуы қажет:

– неке қию туралы куәліктің көшірмесі (балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі - бар болса) (Elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе Whats App арқылы +77772734383 (Камила) нөміріне құжаттың скриншотын жіберуге болады);

– байланыс ақпаратын (телефон нөмірлері, тұрғылықты жері, әлеуметтік желілердегі парақшалар, отбасы мүшелерінің саны) Elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе +77772734383 (Камила) нөміріне Whats App арқылы жіберілуі керек.

Жеңімпаздар тұрмыстық техникаларға және электроникаға арналған сертификаттар түріндегі сыйлықтармен марапатталады.

Жүлде қоры бірінші орын үшін – 500 000 теңге, екінші орын үшін – 350 000 теңге, үшінші орын үшін – 250 000 теңге.

Финалға шыққан 7 отбасыға ынталандыру ретінде 100 000 теңгеден беріледі.

Өтінім беру мен бейнематериалдарды жариялаудың соңғы мерзімі 2020 жылдың 20 қыркүйегі, сағат 20:00-ге дейін.

Қатысуға өтінім беру үшін немесе барлық сұрақтар бойынша Instagram-дағы @elorda.otbasy аккаунтына хабарласыңыз немесе +7 777 273 4383 нөміріне қоңырау шалыңыз.


Жоғары қарай