Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Елордада «Ең бай әке» кітабының тұсаукесері өтті

2020 жылдың 15 наурыз 2020 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда белгілі қаламгер, ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші шақырылымының депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы Әкім Ысқақтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Ең бай әке» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жинақты жазушының бір топ шәкірттері шығарған. Оған Ә.Ысқақтың Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқырмандарынан келген хаттар, естеліктер, жас ақындардың арнау өлеңдері енгізілген. Сондай-ақ, Өмірбек Байгелді, Марат Оспанов, Фариза Оңғарсынова, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ, Мұхтар Шаханов, Ұлықбек Есдаулет, Көпен Әмірбек, Несіпбек Айтұлы, Мархабат Байғұт сынды қазақ зиялыларының жазушы туралы айтқан ой-пікірлері де бар.




Кітаптың тұсауын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, ҚР Парламентінің бірнеше шақырылым депутаты, ф.ғ.д. Уәлихан Қалижан, сатирик Көпен Әмірбек қиды.

«Кітаптың атының «Ең бай әке» деп қойылуы өте ұтымды. Бұл Әкім Ысқақтың рухани бай екенін көрсетеді. Бір шетінен осындай кітаптың шығуы – Әкімнің және оның шәкірттерінің тындырымдылығының нәтижесі. Жақсы кітап», - деп баға берді К.Әмірбек.




ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Ә.Ысқаққа латын қарпінде жасалған гербтің бір нұсқасын тарту етті. Сонымен бірге жиынға ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары, ақын Асқар Өртембаев, «Ақжол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, журналист Бекен Қайрат және тағы басқа қоғам қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі. Шәкірттері шығармаларынан үзінді оқып, әндерін орындады.


Басты сөздер: Әдебиет, Мәдениет, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай