Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Елордада емделіп, үйіне қайтқан СҚО тұрғынынан коронавирус анықталды

2020 жылдың 30 мамыр 2020 14:27

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында СОVID-19 инфекциясын жұқтырудың 3 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл штабтың мәліметінше, 3 оқиғаның барлығында індет сырттан әкелінген. 1980 және 1990 жылы туған Қазақстан азаматтары Ресейдің Тобыл және Омбы қалаларында вахталық әдіспен жұмыс істейді. 28 мамыр күні олардың біреуі Мамлют ауданының «Жаңажол», екіншісі - М. Жұмабаев ауданының «Қарақоға» бекеті арқылы шекарадан өткен.

Екі ер адамда да аурудың клиникалық белгілері болмаған, келген соң COVID-19-ға тексерілді және карантиндік стационарға жатқызылды.

«Зертханалық зерттеулердің оң нәтижелерін алғаннан кейін инфекция жұқтырғандар Петропавлдағы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды. Байланыстағы адамдардың саны анықталуда», - делінген ақпаратта.

Ал үшінші жағдайда науқас – Петропавл қаласының 63 жастағы тұрғыны. 28 мамырдан бастап екі күн бойы №2 қалалық емхананың Call-орталығына дене қызуының 38 С-қа дейін жоғарылауына шағымданған. Дәрігер әйелді қарап, COVID-19-ға тексерді. Сараптама нәтижесі оның қауіпті індетті жұқтырғанын көрсеткен. Қазір науқас Петропавлдағы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем алып жатыр.

Мамандардың айтуынша, Петропавл тұрғыны 27 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласынан стационарлық емдеуден келді. Қауіпті індетті сонда жұқтыруы мүмкін. Онымен қарым-қатынаста болған 8 адам анықталды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 54 адам тіркелген.


Жоғары қарай