Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада екі адам өрттен мерт болды

2020 жылдың 17 қазан 2020 21:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада 5-қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Кравцов көшесі 2/1 мекен жайда өрт шыққаны туралы ақпарат өрт сөндіру бөлімшесінесағат 17-09-да келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 5 қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы пәтерлердің бірінде үй бұйымдары мен тұрмыстық техникалардың 10 шаршыметр аумақта өртеніп жатқаны анықталған.

Сағат 17-56-да өрттің алды алынып 18-08-те толықтай өшірілген. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 1949 жылы дүниеге келген әйелдің және 1977 жылы дүниеге келген ер адамның өртенген мүрдесі табылды.

Өрт сөндіру жұмысына Төтенше жағдай департаментінің 14 маманы мен 3 техникасы, сонымен қатар Полиция департаменті мен жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрт темекі тұқылын өшірмеу салдарынан орын алған.

Жоғары қарай