Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

2020 жылдың 3 тамыз 2020 07:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда адам көп жиналатын жерлерде дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік сайты таратқан ақпараттарға қарағанда, дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізілуде. Осы уақытқа дейін барлығы 32 млн 720 мың шаршы метр аумақ залалсыздандырылған. Сонымен қатар, саябақтарда, алаңдарда, бульварлар мен басқа да қоғамдық орындарда коронавирусқа байланысты қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтықты сақтауы үшін белгілер қойылған. Сонымен қатар, маска тағу қажеттілігі туралы ақпараттық стендтер орнатылды.

«Біз адам көп баратын жерлерді өңдедік. Бұл орындықтар, көше тренажерлері, ойын алаңдары, адамдар қол тигізуі мүмкін барлық орындар. Вирус ешқайда кетпегенін түсіну керек. Барлық санитария нормаларын қатаң сақтау керек. Бұл бір мезгілде жаппай инфекцияның алдын алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті дезинфекторлар.

Бас дәрігердің қаулысына сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтарының, базарлардың басшылары өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтау керек: маска тағып, антисептиктерді қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды.


Басты сөздер: Коронавирус, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай