Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада «Бозоқ» тарихи-мәдени қорығы ашылады

2019 жылдың 31 шілде 2019 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы ашылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен нәтижелі кездесу болды. Кездесу барысында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын дамыту бойынша бірлескен жоспарға қол қойдық. Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын инфрақұрылымдарды жасақтаудан кейін, яғни 2020 жылы әзірлеуді жоспарладық», - деп жазды әкім өзінің ресми Instagram парақшасында.

Жобаның басты мақсаты – «Бозоқ» қалашығын қалпына келтіріп, археологиялық парк құру.

Сонымен бірге, әкім туризм саласын дамыту мәселелері бойынша бірқатар жобалардың жоспарланғанын жеткізді.

Айта кетсек, Бозоқ қалашығы Астана қаласының аумағында, Бозоқты өзенінің шығыс жағалауында орналасқан. X-XI ғасырларда Бозоқ аймақтың әкімшілік және сауда орталығы, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы қазақ билеушілерінің әскери базасы болған.

Былтыр Астана қаласының әкімі болған Бақыт Сұлтанов Бозоқ қалашығының 3D-моделі жасалатынын жариялаған болатын.


Жоғары қарай