Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада бойжеткенді ғаламтор арқылы танысқан жігіті алғашқы кездесуінде тонап кетті

2021 жылдың 21 тамыз 2021 16:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бойжеткенмен ғаламтордағы арнайы сайтта танысқан жігіт оны бірінші кездесуінде тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бойжеткен жігітпен «Badoo» қосымшасында танысқан. Онлайн арқылы біраз араласқан олар кездеспек болған. Серуен кезінде жас жігіт дөрекі мінез танытып, қыздың қолынан ұялы телефонын жұлып алып, кетіп қалған. Сол күні қаскүнем мобильдік банкингті пайдаланып, сол арқылы дүкендерден тауар сатып алып жүрген кезінде бейнетаспаларға түсіп қалған. Келесі күні ұрлаған «Samsung-12» телефонын көшедегі адамға сатып жіберген», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.




28 жастағы ер адам жедел-іздеу шаралары барысында ұсталды. Оған қатысты «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында жас ер адамның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды. Ағымдағы жылдың ішінде ол кем дегенде бір адамды тонап, әйелден екі ұялы телефон ұрлап әкеткен. Қазіргі кезде ұсталған ер адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға ескертеді. Қоғамдық орындарда жүргенде қымбат заттарыңыз бен ірі ақшаны өзгелерге көрсетпеуге тырысыңыз.

«Егер сізге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалса, бірден полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай