Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада блокпостар 1 маусымға қараған түні алынады

2020 жылдың 31 мамыр 2020 16:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Нұр-Сұлтанда блокпостар 1 маусымға қараған түні алынады. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

«Тәулік бойы қала аумағында орналасқан блок бекеттерде полиция қызметкерлері, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, Ұлттық гвардияның өкілдері кезекшілік етті. Сонымен бірге, блокпостарда әскерге шақырылғандар да кезекшілік етті. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салу Covid-19 індетінің таралуын азайтуға мүмкіндік берді.

Блокпостарға кіру және шығу үдерісі толығымен автоматтандырылған. Полиция қызметкерлерінің планшеттеріне енгізілген электрондық база тәртіпбұзушылықты анықтауға көмектесті. Мысалы, бірқатар кәсіпорындар қала бойынша жүріп-тұру үшін анықтаманы қолдан жасауға тырысты. Азық-түлік жүктері үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырылды, ол арқылы қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер де өте алды. Блокпостардағы жағдайды дрондармен бақылау мүмкін болды», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, өткізу-бақылау бекеттерін алу - қалыпты өмір сүру дағдысына ораламыз дегенді білдірмейді.

«Қалада медициналық маска киіп жүру қажет. Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска киіп, ара қашықтықты сақтап, қолды антисептикпен өңдеген жөн», - деп толықтырды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан қалалары арасындағы блокпостар алынатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.



Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Карантин,
Жоғары қарай