Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада биыл жаңа амфитеатр ашылады

2021 жылдың 23 ақпан 2021 00:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада биыл жаңа амфитеатр ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың урбанистика орталығына сілтеме жасап.

«Биыл қала тұрғындарының өтініші бойынша Президент саябағында жаңа амфитеатр пайда болады. Амфитеатр би қойылымдарын, спектакльдерді, концерттерді және ашық ауада түрлі қалалық іс-шараларды өткізуге арналған алаң болады. Біз каскад саты жүйесін қолданыстағы рельефке біріктіруді және ағын тікелей сахнаға өтетін шатыр құрылымымен жабуды жоспарлап отырмыз. Сахна алаңы көше билерін өткізуге бейімделеді. Бізде би студиялары және Чирлидинг федерациясымен келісім бар, олар би үйірмелері мен жарыстарға арналған алаңды пайдаланады», делінген орталықтың Instagram-дағы парақшасында.

Орталық амфитеатр халықтың эмоциясын және әлеуметтік байланысын толтыратын орынға айналатынына сенімді.

Айта кетейік, 20 ақпанда қала әкімі Алтай Көлгінов биыл елордада жұрт қызығарлық жаңа орындар ашылатынын жариялаған еді.


Жоғары қарай