Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада біреудің тапсырысымен көлік ұрлаған адам Көкшетаудан ұсталды

2020 жылдың 16 қазан 2020 11:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері тапсырыспен көлік ұрлап әкетті деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлдебіреудің тапсырысымен көлік айдап әкетуде күдікті деп танылған Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында ер адамның танысы оған Нұр-Сұлтан қаласында «БМВ Х-5» маркалы көлікті айдап әкетуге ұсыныс жасалғаны анықталды. Бұған келіскен ол автокөлік иесінің мекенжайын алған. Елордаға келген жас жігіт аталған мекенжайды тауып, иесінің көлікті үйдің ауласында қалдырғанын күткен. Сосын көлікті айдап әкетеді. Елордадан Қарағанды қаласына жетіп, онда бағасы 4 млн 800 мың теңге тұратын көлікті «тапсырыс берушіге» табыстаған.

Тәртіп сақшылар жедел-тергеу шараларын өткізу барысында күдіктіні Көкшетау қаласының аумағынан ұстады.

Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде, автокөлікті үрлауға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып жатыр.


Жоғары қарай