Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада бір күнде алты киберқылмыс ашылды

2021 жылдың 8 қараша 2021 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері «Hi-Tech» жедел-алдын алу шарасының барысында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда аумағында киберқылмысты ашуғ оның алдын алу және болдырмау мақсатында «Hi-Tech» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.

Шараны өткізген бір күнде 6 киберқылмыс анықталып, ашылған. Соның ішінде негізгісі – интернет алаяқтық. Аталған қылмысты жасаған 4 тұлға ұсталды.

Мысалы, жарнама арқылы хабарласқан адамдарға өздерін пәтер иелері деп таныстырып, ұзақ уақытқа «жалға берген», төлемді электронды әмиянға салғызған, ал іс жүзінде бұл пәтерлерге еш қатысы жоқ 32 жастағы әйел мен 18 жастағы жігіт ұсталған.

Алаяқтар ақшасын төлеткен соң, жарнаманы жойып жіберіп, байланыс құралдарын өшіріп отырған.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері микроқаржы ұйымында жоғалған жеке куәлік арқылы 162 мың теңгеге онлайн-несие рәсімдеген 39 жастағы әйелді ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұсталған адамдардың келтірген шығынының жалпы сомасы 600 мыңнан астам теңгені құраған.

Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сот алдындағы тергеу амалдары өткізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың одан да көп тараған түрлері туралы ескертуде.

Олардың арасында әлеуметтік желі мен сауда алаңдарында өткілетін онлайн-мәмілелер де бар.

Алаяқтар қолынаан зардап шекпеу үшін ақпараттың шынайылығына көз жеткізіп, банктің ресми колл-орталықтарына телефон шалу керек.

Бөгде тұлғалар, соның ішінде банк қызметкерлеріне банк карточкаларының реквизиттерін айтуға болмайды.

Банк қызметкерлері карта пайдаланушыларға телефон шалмайтынын және мәлімет жинамайтынын білген жөн.

Егер Сіз онлайн сатып алмақ болсаңыз, алдын ала төлем жасауға асықпаңыз.

Тауардың бар екеніне және оның сапасына көз жеткізіп, сондай-ақ интернет-дүкен туралы пікірлерді білген жөн. Сатушыдан тауарды бейнеүндеу бойынша көрсетуін сұраңыз.


Жоғары қарай