Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада апатқа себеп болған көлік өртенді

2021 жылдың 22 маусым 2021 18:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада бағдаршамның қызыл түсіне өткен «Лада» маркалы көлік апат салдарынан отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 06.52-де болған.

«Лада» маркалы автокөліктің 20 жастағы жүргізушісі Ы.Дүкенұлы көшесі жағынан Республика даңғылымен келе жатып, Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Салдарына 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген Hyundai Elantra маркалы автокөлігке соғылған.

«Соққы салдарынан Hyundai Elantra автокөлігі қиылыста тұрған Iveco Crossway маркалы маршруттық автобусына соғылған. Ал «Лада» көлігі отқа оранды. Апат салдарынан «Лада» және Hyundai Elantra жүргізушілері жеңіл жараланған. Медицина мамандары оларды алғашқы көмек көрсетіп, үйлеріне жіберді. Оқиғаның мән-жайын анықталуда», - деп хабарлады департамент.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай