Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үйіне газ тарту үшін өтемақы беру қарастырылуда

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 19:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көгілдір отынның қазіргі бағасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 15 мыңнан астам тұрғынға газдандыру процесіне қатысты кеңес берілді. Бағаға келсек, 2021 жылғы 1 шілдеде бекітілген тарифке сәйкес елордада газдың әр текше метрі 38,3 теңгені құрайды. Сондай-ақ, тұтынушылардың газға қосылу шығындарын азайту мақсатында қалалық Әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындар үшін 263 мың теңге мөлшерінде өтемақы қарастырып отыр. Сол сия қ ты халықты көгілдір отынмен қамту жобасы аясында газ бағасын есептеу құралын сатып алу қарастырылған және ол тұтынушыларға тегін таратылады. Одан бөлек, қала әкімдігі «Халық банкі»-мен меморандум жасасты. Оның аясында үйіме газ тартам деген тұрғындарға бір жарым жыл мерзімге 750 мың теңгеге дейін пайызсыз несие беріледі», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев.

Бұған дейін аталған басқарма басшысы елорданы газға қосу қаладан шығатын қалдықтардың көлемін 40 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік беретіні туралы айтты.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссия отырысында елорда жұртшылығын көгілдір отынмен қамту мәселесі қаралды.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Энергетика,
Жоғары қарай