Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар өз бағасымен сатылуда

2020 жылдың 10 шілде 2020 19:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин кезінде ірі сауда желілері бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстемақысыз – өз бағасымен сатып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мысалы, елордада барлық Small супермаркет желілері осы жұмыс принципіне көшті. Magnum сауда желісі карантин кезеңінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өз бағасынан арзанға сатады. КеңMart гипермаркеті 1 сәуірден бастап 130 тауардың бағасын 5%-ға төмендетті; картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат өз бағасымен сатылады.

Елорда әкімдігі нарық қатысушыларымен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Елордада тұрақтандыру қоры құрылып, бөлшек сауда желілерін жеңілдетілген несиелеу бойынша жұмыс жүргізілді – «айналым механизмі» жобасына бірқатар ірі сауда желілері мен базарлар қатысуда. Осылайша, қала әкімдігі нарық қатысушыларына қолдау көрсетуде.






Жоғары қарай