Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада алдағы жексенбі қоғамдық көлік жүрмейді

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 10:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі, 6 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

City Transportation Systems (CTS) компаниясының ақпаратына орай, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

«Дүйсенбі, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Барлық өзгерістер туралы ресми парақшамыздан біле аласыз. Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», - деп атап өтеді компаниядан.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай