Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 11:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жәрмеңкеге Ақмола облысынан 435 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін әкелдік. Соның ішінде 75 тонна ет өнімі, 35 тонна сүт өнімі, 3,5 тонна балық, 40 тоннадан астам ұн, 150 тонна жеміс-жидек әкелдік. Ең бастысы - өнім бағалы нарық бағасынан 15-20% арзан. Мысалы, еттің бір келісі 1800 теңгеден аспайды. Сүт бағасы 200 теңге», - дейді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов.

Кәсіпорындар барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сай жұмыс істеуде. Әр павильонда антисептик бар және сатушылар тауарларды жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып сатуда.





«Жәрмеңкеге құс фабрикасы, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың, елімізге танымал «АстанаӨнім« АҚ, «Нәтиже« ЖШС, «Бижан« ЖШС ЕӨЗ, «Красноярские колбасы« ЖШС, «Айбат« ЖШС сияқты бренд өнімдері әкелінді», - дейді ол.

























Жоғары қарай