Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Елордада адам қағып, қашып кеткен шетелдік нөмірлі көлік иесі ұсталды

2019 жылдың 15 қараша 2019 15:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада адам қағып, қашып кеткен шетелдік нөмірлі көлік иесі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында қаланың 23 жастағы жүргізушісін ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Автомобиль айып тұрағына қойылды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда шетелдік нөмірі бар автокөлік иесі әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған едік.

«12 қараша күні шамамен таңғы 9-да менің әйелім Катяны сұр түсті Lada 15-моделі Кенесары мен Иманбаева көшелерінің қиылысында қағып кетті. Оқиға автобус жолағында жаяу жүргіншілер жолында болған. Төрт машина жаяу жүргіншілерге жол берген, ал әлгі көлік 100 км/сағ жылдамдықпен келген және оқиға орнынан қашып кеткен», - деді зардап шегушінің күйеуі Владимир Гашевский.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай