Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада Абайтану ғылыми-танымдық орталығы ашылды

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 19:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада №87 мектеп-гимназияда Абайтану ғылыми танымдық орталығы ашылды. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Мектеп директоры Айгүл Оңдағанқызы шараның ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырғанын айтып өтті.




«Қазақтың ұлы ойшылы, бас ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ол кісінің ғибратқа толы мол мұрасын жас ұрпаққа сусындату мақсатында Абайтану ғылыми танымдық орталығы ашылғалы тұр. Бұл орталықты ашудағы мақсатымыз – жас буынға, өскелең ұрпаққа ұлы ақынның тағылымдық мұраларын дәріптеу. Жастарымыз Абай атамыз айтқандай жүрегі жылы, қайраты ыстық, ақылы нұрлы, білімді болары сөзсіз», - деді Айгүл Оңдағанқызы.




Әкім орынбасары Бақтияр Мәкен, ата-аналар қамқоршылары кеңесінің төрағасы Гүлнар Мансұрқызы және бала Абай бейнесін сомдап жүрген мектеп оқушысы Ілияс Мықтыбек орталықтың лентасын қиып, салтанатты түрде ашты.

Орталықтағы ең құнды мұраның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлының келіні Бәтиманың бөртпе шәлісі.

«Бүгінге дейін біраз дүниелерді жоғалтып алдық. Өткен күзде №87 мектепке ұлы ақынның есімі берілген соң оқу ордасы жанынан ғылыми танымдық орталығын ашып отырмыз. Бұл орталық енді үш кезеңге бөлініп жұмыс істейтін болады: «Бала Абай», «Ақын Абай», «Хакім Абай». Мұнда балаларға қажет дүниенің бәрі қойылды. Біз оқушы қауымға Абайдың ақын болып қалыптасқанын, оның әкесі Құнанбаймен, әжесі Зеремен байланысын, оның ел арасындағы тапқырлық аңыздарын айтпаймыз. Біз Абайды бірден ақын етіп түсіре салғанбыз. Міне осы балалардың ұғынуына қиындық тудырып жатыр. Біз әр баланың деңгейіне қарай кезең-кезеңіне бөліп қамтуымыз керек», - деді Жазушылар одағының мүшесі Алмахан Мұхамедқалиқызы.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, #Аbai175,
Жоғары қарай