Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Елордада Абайға үлкен ескерткіш орнатылады

2019 жылдың 30 қазан 2019 13:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Абай әлемі» орталығы салынады. Бұл туралы бүгін Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізуге байланысты қала әкімшілігімен келістік. Қазір қала әкімшілігі жер бөлді. Өз есебінен жобалық-сметалық құжат жасауға кірісті. Бізге тапсырма берсеңіз, «Самұрық-Қазына» және басқа да компаниялардың есебінен Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салсақ деген ойымыз бар. Оған қоса, қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға қосымша үлкен ескерткіш орнататын болады», - деді Бердібек Сапарбаев.

Премьер-Министрдің орынбасары ақынның 175 жылдық мерейтойына орай мектептерде, оқу орындарында Абай әлеміне қатысты сабақтар, сипозиумдар, конференциялар сияқты шаралар өткізілу тиістігін айтты.

Жоғары қарай