Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 8 жылдан бері құрылысы бітпеген тағы бір үй биыл пайдалануға беріледі

2020 жылдың 16 қазан 2020 08:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада 8 жылдық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде орналасқан 30-блокта 600-ден астам алданған отбасы бар. Тұрғындармен бірнеше рет болған кездесу барысында кезең-кезеңімен құрылыс кестесін әзірледік. Шешілмеген мәселелер көп болды. Қазіргі уақытта үй орталық сумен жабдықтауға, жылу мен кәрізге қосылды. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізудеміз-қазір үй уақытша электрмен жабдықталуда» деп жазды шаһар басшысы Instagram парақшасында.











Оның айтуынша, қасбеттің жұмыстары аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында: үлкен ауладан басқа, футбол және баскетбол алаңын орнату бойынша да жұмыс істеледі.

Жақын арада жұмысшылар кіреберістерді ішкі әрлеуге кіріседі, лифтілердің бір бөлігін орнатты, ол бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

«Жағалау-3» 30-блок құрылысын аяқтап, үйді биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Үлескерлер Жаңа жылды көптен күткен пәтерінде қарсы ала алады. Сонымен қатар, «Жағалау-3» 28 және 29 блогының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын қайта бастау және аяқтау – оңай мәселе емес, әрбір үй жеке жұмысты талап етеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргіземіз» дейді Алтай Көлгінов.








Жоғары қарай