Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады

2020 жылдың 28 маусым 2020 14:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Үлестік құрылыс – күрделі мәселенің бірі. Кей үйлерде қазаншұңқыр ғана болса, кейбіреуінің үй қаңқасы ғана бар. Бірақ әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Бүгін, «Қорғалжын орамы», «Триумф Есіл-2», «Тұран Сығанақ» нысандарына бардым. Инвесторлар анықталды. «Қорғалжын орамында» құрылыс жұмыстары қайта басталды. Қалған екі үйде құрылыс жұмыстары келесі айда, шарттарға қол қойылғаннан кейін басталады», - деді елорда әкімі.





Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп үй салынып, пайдалануға берілетін болады. 8 мың үлескері бар 20 үйдің тұрғындары өз пәтерлеріне кіріп, тұрғын үй құжаттарын алады.






Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Тұрғын үй, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай